• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
22 Қазан, 2013

Ақтөбеде 10 млрд. теңгенің мұнайын ұрлаған қылмыстың беті ашылды

240 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында мұнай ұрлығы өршіп тұр. Бір қылмыстық топ құны 1 млрд. теңгені құрайтын мұнай ұрлаған. Осы қылмысқа тікелей қатысы болған фирма директоры 6 жыл өмірін түрмеде өткізеді. Ал оның сыбайласына іздеу жарияланды. Бұл туралы «Диапозон» жазды.

Жергілікті өңірдегі Байғанин ауданының өзінде 1 жыл ішінде құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын мұнай ұрлығы тіркелген. Жалпы, облыс көлемінде ұрланған мұнайдың жиынтығы-10 млрд. теңгені құрайды. Осыған қатысты жыл басында 54 қылмыстық іс қозғалып, 37 азамат жазаға тартылған. «Айыпкерлер қараусыз қалған кен орындарынан мұнай ұрлаған. Араларында жалған құжат әзірлеп, «қара алтынды» шетел асырғандары бар. Темір торға қамалғандардың ішінде «Мұнай өнімі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкері де бар. Сот шешімімен оның 70 млн. теңгені құрайтын қымбат бағалы дүниелері тәркіленді», -дейді облыстық прокуратура I басқармасының жетекшісі Мұратбек Мырзамұратов.

Бақытбек Кенешұлы.

Соңғы жаңалықтар