• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
22 Қазан, 2013

Жоғарғы соттың адам өлтірген бұрынғы қызметкері бостандыққа шықты

253 рет
көрсетілді

Студент қызды өлтірген Жоғарғы соттың бұрынғы қызметкері бостандыққа шықты. Бұл туралы «Жетінші» телеарна хабарлады.

Бұған дейін №2 Есіл аудандық соты Д.Алдияровты 1,5 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Енді қалалық соттың жаңа шешімі бойынша оны 1 жыл 2 ай 3 күнге бас бостандығынан шектеді. Осылайша 3-ші наурыздан бастап темір тордың арғы жағында өткізген әрбір күні екі күнге теңеліп, ол жазасын өтеп шығыпты. Сондай-ақ сот Алдияровқа қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлеріне ескертпестен қоныс аударуға, қаладан шығуға және түнгі сағат оннан кейін көңіл көтеру орындарына баруға тиым салды. Естеріңізге сала кетейік, Дархан Алдияров туған күн кешін атап өтіп жатқан бір топ студентпен сөзге келіп қалып, оларға өзінің аңшылық қаруынан оқ атқан еді. Жабық есікке атылған оқ 18 жастағы студент Меруерт Қожабекованың кеуде тұсына тиіп, қыз бала сол жерде жан тапсырған болатын.

Соттың мұндай шешімге келуіне тараптардың татуласуы себеп болыпты. Сондай-ақ айыпкер барлық келтірілген шығынды өтеген. Оның асырауында жас нәрестесі бары және бірінші рет сотты болып отырғаны да қаперге алынған екен.

Бақытбек Кенешұлы.

Соңғы жаңалықтар