Түркияның денсаулық сақтау министрлігі елдегі курорттық аймақтарда коронавирус өршіп тұр деген ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Egemen.kz
"Курортты аумақта індет өршіген жоқ. Ондай мәселе де жоқ. Біз Анкара, Ыстамбұл, Конье, Диярбакыр, Газиантеп сынды ірі қалаларда ауру жұқтырғандар саны өскенін бақылап отырмыз", - деді министрлік өкілі.
Ол Анталья провинциясындағы коронавирус статистикасына тоқталды. Онда соңғы аптада COVID-19 жұқтыру дерегі 70-тен 59-ге азайған. Анталья Жерорта теңізі аумағында орналасқан.
Айта кету керек, қазіргі таңда Түркияда коронавирус жұқтырудың 236 112 дерегі тіркелген, ал сауыққандар саны 219 506-ға жеткен. 5784 адам індеттің құрбаны болды.