Мексика халқы COVID-19 салмағын қатты сезінген елдің қатарында. КВИ-дан өлім-жітім жөнінен Бразилия мен АҚШ-ты алдына салған жұрттың вирустық ахуалы турасында Мексика Денсаулық сақтау министрлігінің деректерін REGNUM келтіреді.
49 698 адам. Осынша пациент Мексикада SARS-CoV-2 кесірінен о дүниелік болған. Өткен тәулікте тағы да 6139 адамнан вирустың табылуы жағдайдың қаншалықты күрделі екенінен хабар бергендей.
Пандемия патшалық құрғалы 456 100 мексикалық ауруға шалдыққан көрінеді.