Көлік жүргізушілеріне маршрутын алдын-ала жоспарлау ұсынылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Оқжетпес көшесінде Қарталы көшесінен Көктал көшесіне дейінгі учаскеде құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған, деп хабарлады қалалық көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы. Осыған байланысты 6-20 тамыз аралығында осы учаскедегі қозғалысты жартылай жабу жоспарланған. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек.
"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", – делінген хабарламада.