Күндіз 7 тамызда Ақмола облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
7 тамызда Маңғыстау облысының кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Кундіз солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Ақтау қаласында 7 тамызда таңертең найзағай күтіледі.
7 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз оңтүстігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе қаласында 7 тамызда найзағай күтіледі, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с күтіледі.
Түнде және таңертең 7 тамызда Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыс, солтүстіктен күндіз кей жерлерде жел соғады, күші 15-20 м/с. Күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі, өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Атырау қаласында 7 тамызда түнде найзағай, күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
7 тамызда таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкент қаласында 7 тамызда күндіз солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.
Түркістан қаласында 7 тамызда күндіз солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.
7 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, жел солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қаласында 7 тамызда күндіз найзағай, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
7 тамызда Қостанай облысында кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтеледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы 80-100 %