Сенатор сапарын Жақсы ауылының орталық ауруханасынан бастады. Бас дәрігер депутатты провизорлық бөлімшенің жағдайы және сырқаттанған адамдарды емдеу барысы туралы хабардар етті. Бірінші шілдеден бастап келіп түскен 100 емделушінің 52-сі жазылып шыққан. Науқастар қажетті емдеу мен күтімді алып жатыр деп сендірді дәрігерлер. Сенатор Сәуле Айтпаева, вируспен күресуге тартылған медицина қызметкерлерінің жоғары қауіпті аймақта екенін, сондықтан олар барлық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс екенін атап өтті.
Сенатор сондай-ақ Жақсы ауданының басшылығымен кездесті. Мемлекеттік органдар өкілдерімен әңгіме барысында Сәуле Айтпаева мемлекет азаматтардың өмір сүру жағдайын жақсартуға және әл-ауқатын арттыруға қатысты бірқатар мәселелерді шешу мақсатында міндеттеме қабылдағанын атап өтті. Бұл бағыттың өзектілігімен басымдығы әр түрлі бағдарламалардың іскеа сырылуымен расталуда, бұл өз кезегінде азаматтардың өмірін жақсартуға ықпал етеді. Сенатор өңірде іске асырылып жатқан барлық мемлекеттік бағдарламаларды тиімді орындау қажеттігін сөз етті.
Сәуле Айтпаева сондай-ақ өңірдің бірнеше мектептерінде болып, оқу орындарының алдағы оқу жылында қашықтан оқыту форматына қаншалықты дайын екендігімен танысты. Атап айтқанда, депутат мәселенің техникалық жағына, ауылдарда интернет болуына, мұғалімдерді де, оқушыларды да компьютерлермен қамтамасыз етуге, оқу процесін ұйымдастыруға баса мән берді. Сенатор аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.