• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 07 Тамыз, 2020

Мемлекет басшысы Мексикадағы елшіні қызметінен босатты

864 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Мексикадағы Елшісі Андриан Елемесовті қызметінен босатты. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Доминикан Республикасындағы, Ямайкадағы, Панама Республикасындағы, Коста-Рика Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.