Алматы облысы Қарасай ауданының дәрігерлері 980 гармм салмақпен туған нәрестенің өмірін аман сақтап қалды. Қазір ана мен бала перзентқанадан шықты, - деп деп хабарлайды egemen.kz.
Әдетте жатырдағы сәбидің жарық дүние есігін ашуына 9 ай он күн уақыт кететінін білеміз. Ал мамандар кездейсоқ фактордың әсерінен ерте дүниеге келетін ұрпақтың ағзасы жетіліп үлгеруі үшін кемі 35 апта қажет деп санайды екен. Демек, мерзімінен тым ерте туған сәби үшін бір нәзік сәленің өзі тәуелкел екенін болжам көріңіз...
Кішкентай Артемнің ана құрсағындағы тіршілігі 133 күнге ғана созылды. Жүктіліктің 29-аптасында толғақ қысып, ерте босануға мәжбүр болған Алена Бондарац есімді жас ана өмірге әкелген ұлдың салмағы... 980 грамм ғана екен. Салмағы жеңіл сәбидің бойының ұзындығы да 32 см шамасында болыпты. Ал Қарасай ауданындағы орталық перзентхана дәрігерлері алақандай Артемнің өмірі үшін күресіп, сәбиді аман сақтап қалды. 3 шілде күні өмір есігін ашқан кішкентайдың ағзасы қазір қалыпты тіршілік ырғағына түскен. Кеше Аленаның ауданның педиатрлары ерекше құрметпен ауруханадан шығарып, үйіне жеткізіп салды.
үгін Алматы облысында 980 грамм салмақпен туған баланы ауруханадан шығарды
- Тұмса келіншекті жүктіліктің 29-аптасында босандыруға тура келді. Алена «Жедел жәрдемді» дер кезінде шақырып үлгеріпті. Перзентханаға кешігіп келгенде жағдайдың не болатынын кім білген, біз жедел ота жасап, баланы аман-саутуғызып алдық. Тіршілікке құштар нәрестенің салмағы 980 грамм ғана болды. Бойы 32 сантиметрге де жетпеді. Аялы алақанмен медициналық көмектің арқасында Артемнің ағзасы жылдам жетілді. Жағдайы түзелген ана мен балаға үйлеріне баруға рұхсат бердік. Қазір Артемнің салмағы 1 ило 400 грамм болды. Олар ары қарай да учаскелік дәрігердің бақылауында болады, - дейді Қарасай аудандық ауруханасы перзентхана бөлімінің меңгерушісі Маржан Өтебаева.