• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Тамыз, 2020

Гүлшара Әбдіқалықова: Жаңа оқу жылына дайындық барысы бақылауда тұр

267 рет
көрсетілді

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жергілікті БАҚ құралдарының өкілдеріне арнап жаңа оқу жылына дайындық шаралары тақырыбында баспасөз конференциясын ұйымдастырды.

Аймақ басшысы өңірдегі білім мәселелеріне қатысты атқарылған жұмыстарға тоқталып, оқу жылын қашықтан өткізу форматының ерекшеліктеріне тоқталды.

Есеп бойынша биыл облыстағы 293 мектепте 168 мыңнан аса оқушы білім алады. Ал, 1-сыныпқа 18 789 бала қабылданбақ. Өңірдегі оқушылардың 83%-ы, яғни 163 491 оқушы бірінші тоқсандақашықтан оқиды. Ал, аудан орталығынан шалғай орналасқан және шағын жинақталған 50 мектепте 4986 оқушы штаттық режимде білім алады. Әрине, барлық санитарлық талаптар қатаң сақталады. Бұл өңірдегі оқушылардың 3 пайызы.Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова қашықтан оқыту кезінде мектеп оқушылары мен ұстаздары үшін электронды құрылғылармен қамтамасыз етумәселесі шешімін тапқанын тілге тиек етті.

- Оқушылардың компьютер, планшет, ноутбук, смартфондармен қамтылуы талданды. Жетіспейтінқұралдар, бірінші кезекте мектеп балансындағы техникаларды беру арқылы, екінші жергіліктіжерде демеушілердің қолдауымен шешілуде. Бүгінгі күні Үкіметтен 22 мыңнан аса компьютерлік техникалар сатып алуға 3,5 млрд.теңге қаржы бөлінуде. Ал, жергілікті бюджет есебінен 2 635 планшет алуға 176 млн.теңге қаралды,-деді облыс әкімі.

Жаңа оқу жылында оқушылар мен қатар ұстаздарға да электронды құрылғылар табысталады. Аса қажеттілігіне қарай мектептегі компьютерлерден бөлек, 306 педагогқа ноутбук табысталады.Биылғы оқу жылында мектеп құрылыстары да қарқынды жүруде. Облыс әкімі бұл мәселеге де арнайы тоқталды.

- Қазір 8 мектептің құрылысы жүргізілуде. Осы жылы Қызылорда қаласынан және Жалағаш ауданынан 2 мектеп құрылысы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар, облыс орталығындағы 600 орындық, Арал ауданы, Сексеуіл кентіндегі 300 орындық мектептер жылсоңында аяқталады деп күтілуде,-деді Г.Әбдіқалықова.

Жиын соңында облыс әкімі қазіргі пандемия жағдайында балалардың қауіпсіздігі үшін ата-аналарды үй жағдайында сақтық шараларына мән беруге шақырды.