• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Тамыз, 2020

Қырағылығы үшін полициядан алғыс алды

248 рет
көрсетілді

Үстіміздегі жылдың сәуір айында банкоматтан ақшасын алып, кетіп бара жатқан әйелдің артынан баспалап жеткен ұры оның 150 мың теңгесі бар сөмкесін жұлып алып, қашып кеткен. Алайда оның жанында болған әйелді көріп тұрған такси жүргізушісі Сергей Кузенев пен сол маңдағы дүкен сатушысы Лариса Бурлева ұстап, полицияға тапсырған. Әрине, сыбайласы қолға түскен соң ұрының кім екендігі де белгілі болып, арада көп уақыт өтпей ол да ұсталған.   

14 шілдеде сот үкімі шығып, ұры 3 жылға бас бостандығынан айрылды, ал оның сыбайласының 3 жылға бас бостандығы шектелген. Келтірілген шығын толығымен орнына келтірілді.

Солтүстік Қазақстан ПД қырағылық танытып, полицияға көмектескен екі азамат С.Кузенов пен Л.Бурлеваға сап алдында алғыс жариялап, марапат тапсырды. "Құқық қорғау органдарына көмек көрсететін азаматтарды марапаттау полицияда игі дәстүрге айналған Бұл айналасында болып жатқан жәйттерге бейжай қарамайтын тұрғындар мен полицияның арасындағы іс-қимылдың тиімділігін көрсетеді. Осы қылмысты ашуда ерекше көмек көрсеткен барша азаматтарға алғыс айтамын", деді Петропавл қалалық ПБ бастығы, полковник Жандос Мұқатов.