Спортшылар Four Cities Friendship Chess Championship 2020 додасында жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтанның жас шахматшылары төрт қала мен төрт елдің юниорлары арасындағы Four Cities Friendship Chess Chess Championship 2020-Junior Division халықаралық онлайн шахмат турнирінде қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді.
Жолдастық онлайн-матчты Қазақстан шахмат федерациясы Гонконг, Сингапур және Малайзия ұлттық федерацияларымен бірлесіп 25 шілде мен 8 тамыз аралығында өткізді. Оған 8, 10 және 12 жас аралығындағы 72 шахматшы қатысты.
"Матч үш турдан тұрды, олардың әрқайсысында Astana командасы үлкен басымдықпен жеңіске жетті. Барлық кездесулер қорытындысы бойынша қазақстандық шахматшылар 44 ұпай жинап, бірінші болды. Одан кейін Сингапур 28 ұпаймен, Гонконг – 19 және Пенанг – 16 ұпаймен", – делінген мәдениет және спорт басқармасының таратқан хабарламасында.
Astana шахмат командасына Қазақстан чемпионаттарының чемпиондары мен жүлдегерлері өздерінің жас санаттары бойынша қатысты: Аят Абдуллаев, Ақылбай Иманғали, Даниял Сапенов, Ансат Алдияр, Әлихан Хажатұлы, Сауат Нұрғалиев, Назар Талғатов, Эдгар Мамедов, Арын Алидар, Данис Қуандықұлы, Нұрсұлтан Намазкеев, Әлішер Әбсаттар, Қализа Айжарық, Зарина Нұрғалиева, Малика Жапарбекова, Елназ Қалиахмет, Далия Диасқызы және Аманжол Ханзада. Іс-шара Халықаралық шахмат күніне орай ұйымдастырылды, оны өткізу Қазақстан Республикасының Гонконгтағы Бас консулдығының бастамасы мен көмегінің арқасында мүмкін болды.