Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан тұрғындарын карантин кезеңінен кейін де сақтық шаралары мен санитария нормаларын барынша сақтауға шықырды. Бұл туралы әкім өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
"Біз карантиннен кейінгі эпидемиологиялық жағдайдың қалай боларына талдау жасадық. Болжамға сәйкес, жағдай бірден жақсарып кетпейді. ОРВИ маусымын ескерсек жылдағыдай медициналық мекемелерге ауртпалық түседі. Қазірдің өзінде дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Емхана, ауруханаларға қосымша көмек көрсетілді. 600-ден астам флуометр, 500-ге жуық оттегі концентраторы, 500-ге жуық арнайы төсек-орын, өкпені жасанды желдету және КТ аппараттары алынды.
Алдағы уақытта жедел жәрдем көліктері де жеткізіледі. Екі апта ішінде қалаға 110 тоннадан астам дәрі жеткізілді. Біз бұл жұмыстарды жүйелі негізде жалғастыра береміз. Қажет болған жағдайда төсек-орын барлық 16 инфекциялық стационарда қайта ашылады.
Спорттық ғимараттар мен басқа да бірқатар нысан кез келген сәтте орныдар әзірлей алады. Жасыратыны жоқ, қала тұрғындары алғашқы карантиннен кейін санитария нормаларын сақтанбады. Бұл кері әсерін тигізіп, індетке шалдыққандардың саны күрт өсті. Дәрігерлер мен медициналық ұйымдар мүмкіндігінше барын салып жұмыс істеді. Карантин шаралары ғана жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Инфекциялық стационарлардағы төсек-орынға сұраныс шілде айының басынан бастап 99%-дан 18,5%-ға дейін төмендеді. 16 стационардың бесеуі жабылды. Оларда болған барлық науқастар жазылып шықты. КВИ мәселелері бойынша жедел жәрдем шақыру саны 9,5 есеге жуық төмендеп, тәулігіне 500-ден 53-ке дейін азайды.
Стационарларда пневмониямен ауыратын науқастардың саны 6 есе қысқарды. №1 және №2 қалалық балалар ауруханасы тамыз айының басынан бастап бұрынғы режимде жұмыс істей бастады. Ертеңнен бастап қалалық емханалар жоспарлы қабылдауды қайта жалғастырады. Бірақ індетті жұқтыру қаупі жойылды деуге әлі ерте. Инфекцияны тоқтату үшін сақтық шаралары мен санитария нормаларын барынша сақтау қажет", - деп жазды Алтай Көлгінов.