Бірнеше сағаттан кейін Еуропа лигасының ширек финалдық матчы аясында Миланның «Интер» командасы Леверкузеннің «Байеріне» қарсы ойнайды. Германияның Дюссельдорфт қаласында өтетін бұл кездесуде жартылай финалда өнер көрсетуге қай команданың мүмкіндігі мол?
- қарсыластар бір-бірімен екі рет ойнады, екі кездесу де Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өтті (2002/03 ж.ж.);
- өз алаңында «Интер» 3:2 есебімен жеңіске жетіп, Чемпиондар лигасының жартылай финалына дейін жетті;
- өз алаңында «Байер» 0:2 есебімен жеңіліп, топта соңғы орында қалып қойды;
- «Интер» Германияда болған соңғы 4 ойында жеңіске жете алмай келеді;
- «Интер» мен «Байер» Чемпиондар лигасының (2019/2020 ж.ж.) топтық кезеңінде үшінші орыннан көрінді;
- Чемпиондар лигасының F тобында сынға түскен «Интер» өз алаңында Дортмундтың «Боруссиясын» 2:0 есебімен жеңсе, түзде бір доп айырмасымен (2:3) жеңіліс тапты;
- «Байер» Чемпиондар лигасының топтық матчтарында Туриннің «Ювентусына» екі рет ұтылды.