Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2020 жылғы маусымда футболдан Қазақстан Республикасының Чемпионаты мен Біріншілігінің қатысушылары үшін ойыншыларды тіркеудің екінші кезеңі аяқталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Трансфер терезесі 20 шілдеде ашылып, 9 тамыз күні жабылды. Командалардың трансферлік белсенділігі туралы Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы әлеуметтік желілерде жариялап отырды.
Премьер-лига, Бірінші және Екінші лига командаларының құрамдарындағы және клуб қызметкерлерінің тізіміндегі барлық өзгерістерді біздің ресми сайттан қарауларыңызға болады.