• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Тамыз, 2020

Шымкентте стационарлардағы 80 пайыздан астам төсек-орын босады

215 рет
көрсетілді

Бұл жөнінде бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов мәлімдеді. 

Оның айтуынша, қаладағы эпидемиялогиялық ахуал күннен-күнге жақсарып, жұқпалы ауруға шалдыққан науқастардың саны азаюда. 

"Шымкент қаласында  COVID-19 инфекциясымен күреске медициналық ұйымдарда 26  провизорлық орындар жұмыс істеді.  Бүгінгі күні провизорлық орындардың 19  пайызы ғана жұмыс жасап, 81 пайыз төсек-орындар босады", - деп хабарлады Т.Вазилов. 

Медициналық мекемелер  тамыздан бастап қалыпты жағдайдағы жұмыстарын бастаған. Яғни, науқастар жоспарлы түрде ем қабылдауына болады. 

Сондай-ақ, 11 тамыздағы жағдай бойынша қалада  коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар саны – 5114, оның ішіне 2608 симптомды, 2506 симтомсыз. Індетінен айыққандар саны  3865-ке жетті.  

Айта кету керек, елде  жарияланған карантин өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына оң әсерін тигізді.