• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Спорт 12 Тамыз, 2020

«Қасқырлар» «Севильяны» «жеп» қоюға дайын

394 рет
көрсетілді

Бірер минуттардан соң Еуропа лигасының ¼ финалдық ойындары аясында «Вулверхэмптон» (Англия) «Севильяға» (Испания) қарсы шығады. Аталған кездесуді «Qazaqstan» телеарнасы (Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 01:00-де) көрсетеді.

АПЛ-да сүреңсіз ойнап, алдағы футбол маусымында еурододасыз қалған «Вулверхэмптон» тек Еуропа лигасында жеңіске жеткенде ғана Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алатынын жақсы түсінеді. Сол себепті «қасқырлар» бүгінде жолына қарсы тұрған «Севильяны» «жеп» қоюға дайын.

Соңғы 15 жылда Еуропа лигасының кубогын бес мәрте жеңіп алған «Севилья» үшін тағы да ауыр сынақ күтіп тұр. Бұған дейін олар 1/8 финалда азулы «Рома» командасымен сынға түскен еді. Аталған кездесуде римдіктер фаворит саналғанымен «Севилья» тегеуріндік танытып 2:0 есебімен қарсыласынан басым түсті. Әйткенмен, футбол мамандары бұл кездесуде «Севильяны» фаворит деп есептейді. Букмекерлік кеңсе «Севильяның» жеңісіне 2.26, «Вулверхэмптонның» жеңісіне 3.76 коэффициент беріп отыр.

Деректер: – «Вулверхэмптон» мен «Севилья» ресми кездесуде бірде-бір рет кездеспеген;

– «Вулверхэмптон» топтан екінші орын алды. Қарсыластары – «Брага», «Слован» және «Бешікташ»;

– «Севилья» топтан бірінші орын алды. Қарсыластары – АПОЭЛ, «Қарабах» және «Дюделанж»;

– «Вулверхэмптон» плей-офф кезеңінде «Эспаньол» (Испания) және «Олимпиакос» (Грекия) командаларын артта қалдырды;

– «Севилья» плей-офф кезеңінде «Клуж» (Румыния) және «Рома» (Италия) командаларынан басым түсті;

– «Севилья» бәс мәрте Еуропа лигасының кубогын басына көтерген.