• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Тамыз, 2020

Шекарадан есірткі алып өту әрекеті анықталды

426 рет
көрсетілді

2020 жылғы 7 тамызда қазақстандық шекарашылар шекарадан есірткі алып өтпек болған азаматты қолға түсірді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстаннан Ресейге шығатын "Қарақоға" автомобиль өткізу пунктінде "К" деген РФ азаматын ұсталды. Ол автомобиліне жасырылған ерекше иісі бар өсімдік тектес затты өткізбекші болған. Сараптама нәтижелері анықталған есірткі заты салмағы шамамен 400 грамм болатын "Гашиш" екенін көрсетті.

Осы іс бойынша құзыретті органдар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.