• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Тамыз, 2020

Мекеме қоршауынан есірткі лақтырған азамат ұсталды

614 рет
көрсетілді

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінің тыйым салынған аймақ аумағынан тыйым салынған затты қоршаудан лақтыру барысында бір азамат ұсталды.  Мекеме қызметкерлері мекеме аумағына тексеру  жұмыстарын жүргізіп, 20 грамдық щприцке тығыздалып, скотчпен оралған жасыл түсті өткір иісті кептірілген шөп табылды. Қызылорда ҚПБ-ның жедел тергеу тобы шақыртылып, тыйым салынған зат тәркіленді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Сот-химиялық сараптамасының қорытындысымен шөптің салмағы 15 грамм кептірілген марихуана   екені анықталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру амалдары жүргізілуде.

- Жазасын өтеп жүрген сотталғандардың туған- туыстары, таныстары тыйым салынған заттарды әр түрлі әрекеттермен өткізбекші болады. Олар әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тартылатындықтарын біле тұра осылай жасайды.  Жыл басынан ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481 бабымен 2 азаматқа айыппұл салынып, 3 азаматқа «ескерту» берілсе, 5 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды»,- деді департамент бастығының міндетін атқарушы, әділет полковнигі Мұрат Нәкенов.