Халықаралық қазіргі бессайыс федерациясы (UIPM) лазерлі тапаншадан атудан әлемдегі бірінші онлайн жарыстың іріктеу сынын өткізді. Бұл туралы Egemen.kz Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бірінші айналымда 35 мемлекеттен 256 спортшы бақ сынады. Келесі кезеңге өту үшін спортшылар төрт серияда жеңіске жетуі тиіс. Ал ұтылған атлеттер автоматты түрде жарыстан шығады.
Өкінішке қарай, қазақстандық атлеттер Павел Ильяшенко мен Елена Потапенко финалға өте алған жоқ. Ильяшенко ауғанстандық Шабан Султаниден, Потапенко ұлыбританиялық Клементина Купреден жеңілді.
Финал 9 қыркүйекке жоспарланған.