Қызылордада 10 және 13 жастағы екі бала Сырдария өзеніне батып кетті, - деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға 11 тамызда сағат 19.10-де Сырдария ауданы Қараөзек стансасындағы дария бойында болған. Екі бала да Қызылорда қаласында тұратын болып шықты.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының іздестіру шаралары әлі де жалғасуда. Бірақ әзірге олардың денесі табылған жоқ.