• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 12 Тамыз, 2020

Нұр-Сұлтанда 12 мыңнан астам педагог қашықтан оқыту курстарынан өтті

195 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда 12 мыңнан астам педагог қашықтан оқыту курстарынан өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды. 

Нұр-Сұлтанда 12 мыңнан астам педагог (мектеп, колледж, балабақша тәрбиешілері) қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша онлайн-курстардан өтті. Балалар, ата-аналар және балабақша қызметкерлері үшін жұмыс алгоритмдері жасалды. Барлық нысандар санитарлық талаптарға сай дайындалған.

Бұдан басқа, "Елордалық электронды мектеп" электронды платформасы әзірленді, онда қысқа мерзімді сабақ жоспарлары, бейне-сабақтар мен сабақтар, білім берудің цифрлық ресурстары және т.б. орналастырылған.

Нұр-Сұлтандағы білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылы қашықтан басталады. Ата-аналардың өтініші бойынша 1-4 сынып оқушылары үшін "кезекші сыныптардың" жұмыс істеуі жоспарлануда. Бұл ретте барлық саннормалар қатаң сақталады. Педагогтардың 30% - ға жуығы штаттық режимде, оның ішінде кезекші топтарда сабақ беру үшін жұмысқа шығады.

Аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларды қашықтан оқыту кезінде компьютерлермен және роутерлермен қамтамасыз ету үшін шамамен 6 млрд теңге бөлінді. Бұл халықтың әлеуметтік осал топтарының барлық балаларын қамтуға мүмкіндік береді (шамамен 34,5 мың бала).