• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 13 Тамыз, 2020

Дәрігерлерге көлік сыйлады

249 рет
көрсетілді

Облыс әкімі Даниал Ахметов Семей шаһарындағы медициналық мекемелерге жаңа автокөлік кілттерін тапсырды. Қалада бүгінде жалпы саны 360 мыңнан астам адам тіркелген 23 медициналық-санитарлық мекеме жұмыс істейді.

«Қазіргі жағдайда дәрігерлерге мобильді болу өте маңызды. Бұл көліктерді дәрігерлер мен медбикелер пайдалануы керек. Сонымен бірге біз Семейге жақын арада тағы бір компьютерлік томографты жеткіземіз. Оны №2 қалалық ауруханаға береміз», дейді аймақ басшысы.

Осындағы №3 емхананың бас дәрігері, қалалық жедел штабтың мүшесі, медициналық мәселелер жөнін­­дегі үйлестіруші Найля Аль­менева шаһардағы ақ халатты абзал жан­дарға 19 қызметтік көліктің кілті табыс­талғанын айтады. «Пандемия бас­тал­ғалы бері бізге қолдау көрсетіп келе жатқан облыс басшылығына риза­шылығымызды білдіреміз», дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, шілде айынан бастап облыс әкімінің тапсырмасы бойынша өңірде 373 мобильді бригада құрылған болатын. Оның 71-і – Семей қаласында. Медициналық қызметкерлер қала тұрғындарының үйлеріне барып, алғашқы көмек көрсетуде. Бүгінгі таңда 19 жаңа автокөлік алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесіне берілген. Биыл қосымша қажетті медициналық жабдықтары бар 216 жедел жәрдем көлігі сатып алынбақ. Бұдан бөлек 1 қыркүйекке дейін облыстық бюджет есебінен 100 автокөлік медициналық мекемелерге берілмек.

 

СЕМЕЙ