• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Тамыз, 2020

Алматы полициясы әуе патрулін қайта жандандырды

209 рет
көрсетілді

Алматы полициясы жол қозғалысын ұйымдастыруды жақсарту үшін әуе патрулін қайта жандандырды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Оның мақсаты – қаладағы қозғалыс ахуалына жалпы талдау және мониторинг жүргізу, қолмен реттеуді ұйымдастырудың ең қолайлы қиылыстарын анықтау, қаланың негізгі көшелерін зерттеу, кептелу құбылыстарының себептері мен жағдайларын зерттеу және жою.

– Соңғы жылдары Алматы қаласының көшелерінде және автокөлік жолдарында көлік ағындарының тығыздығы едәуір артты, осыған байланысты полиция жол қозғалысын ұйымдастыруды жақсарту бойынша шаралар қабылдауда. Жол қозғалысына кедергілердің себептерін анықтау, қозғалысты ұйымдастыруға өзгертулер мен түзетулер енгізу туралы жедел шешім қабылдау үшін жол бойындағы қауіпсіздіктің жай-күйін едәуір жақсартатын және ірі қаланың жолдарындағы жазатайым оқиғалар мен жарақаттану деңгейінің төмендеуіне тиімді әсер ететін тікұшақ патрульдерін қала бойынша қайта іске қосу туралы шешім қабылданды, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Полиция сонымен қатар кешеден бері әуе рейсі ТЖД тікұшағының негізінде орындалғанын айтты. Әуе күзетіне әкімшілік полицияның және жергілікті полиция қызметінің басшылары қатысады, олар жолдағы жағдайды құстың көзімен бақылайды және патрульдік бригадаларға онлайн режимінде қозғалыс қиын жерлер туралы ақпараттар береді.