Адамдардың суға кетуінің негізгі себебі рұқсат етілмеген аймақта шомылу, суға ішімдік ішіп түсумен, балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыру болып отыр.
Биылғы маусымда облыс бойынша 30 адам суға кетіпті, оның 11-і кәмелетке толмаған балалар.
Осыған байланысты Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері мен Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары профилактикалық рейдтер өткізді. Рейд Сабалақ, Ягодка, ПМК-29, Қараөзек, Талсуат, Пищевик, Дружба, Строительная саяжайлық аумақтарында жүргізіліп, тұрғындарға брошюралар таратылды.