Бүгін 17 сағат 45 минутта Қызылорда облысы Жаңақорган кенті Оңғарбай көшесіндегі тұрғын үйде өрт оқиғасы орын алды.
Шақыру бойынша оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінен 13 қызметкер, 3 бірлік техника жедел жетті. Өрт сөндірушілердің біріккен іс-қимылының арқасында тілсіз жау 18 сағат 28 минутта сөндірілді.
Оқыс оқиғадан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Қазір өрттің шығу себебі мен шығыны анықталу үстінде.