Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің Минскіде өтетін алдағы отырыстарында қаралады деп жоспарланған мәселелерге ерекше назар аударды.
Бұған қоса, екі ел көшбасшылары осы айдың басындағы А.Лукашенконың Қазақстанға ресми сапары кезінде қол жеткізілген келісімдерді іске асыру барысымен қатар, екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын талқылады.