17 тамыздан бастап, шектеулі карантин шаралары кезең-кезеңімен жеңілдетіледі, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан қаласында шектеулі карантиндік шараларды
кезең-кезеңімен жеңілдету туралы
ҚАУЛЫ
15 тамыз 2020 жыл Нұр-Сұлтан қаласы
Мен, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А. Қ. Шағалтаева, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107-баптарына, «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығымен, «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Қазақстан Республикасы халқының арасында коронавирустық инфекциямен аурудың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулысымен, «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 14 тамыздағы № 47 қаулысымен, «Шектеулі карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48 қаулысымен ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейінтөмендету және оның Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында таралуын болдырмау мақсатында 2020 жылғы 17 тамыздан бастап шектеулі карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдетуді бастау. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына келесі талаптарды сақтауды жалғастыру:2.1. ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын, жиналыстарды, жиындарды және т. б. өткізуге тыйым салу;
2.2. спорттық жаттығуларды тек ашық ауада жеке тәртіппен және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып, 5 адамнан аспайтын топтарда ғана өткізу;
2.3. бір отбасы мүшелерінен немесе 3 адамнан аспайтын топтарды қоспағанда,табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық сапарларды ұйымдастыруға және өңірдің көрікті жерлеріне шолу жасауға, сондай-ақ жағажайларда шомылуғатыйым салу;
2.4. 65 жастан асқан адамдардың қала және қоғамдық орындар бойынша жүріп-тұруын шектеу;
2.5. аулаларда серуендеуге және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелеріне міндетті түрде бетперде киіп және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып баруға рұқсат беру;
2.6. қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметі рұқсат етілген объектілерге барған кезде, көшеде жүріп-тұру кезінде (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде) маскалар кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау.
3.Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер Палатасына (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшыларына:
3.1. InfoKazakhstan.kz сайттан электрондық форматта берілетін санитарлық нормаларға сәйкестік Актісі негізінде объектілер қызметін қайта бастау;
3.2. қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін объектінің кіреберісінде санитариялық нормаларға сәйкестік Актісін көрінетін жерде орналастыру;
3.3. шектеу шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілерді жұмысына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін InfoKazakhstan.kz сайтының жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды хабардар ету;
3.4. кәсіпкерлердің бұзушылықтарды жою үшін уақтылы шаралар қабылдауы мақсатында, шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін InfoKazakhstan.kz сайтын пайдалану;
3.5. кәсіпкерлік субъектілерін шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына тексеруді жүзеге асыратын инспекторлардың, аудиторлық ұйымдардың тізімін InfoKazakhstan.kz сайтқа орналастыру;
3.6. кәсіпкерлік субъектісімен InfoKazakhstan.kz сайтта объектінің паспортына ғимараттың келушілермен жоспарланған толтырылуы туралы мәліметтер енгізуі (№ 43 БМСДҚ-да және осы қаулыға қосымшаларда айқындалатын шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі объектілердің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес, 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі);
3.7. "InfoKazakhstan" электрондық порталының жұмысы іске қосылғаннан кейін, объектілер белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, бизнес объектілерінің қызметін жаңартуға арналған Актіні электрондық түрде беру.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасына, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына, Білім басқармасына, Діни істер жөніндегі басқармасына, «CityTransportationSystems»ЖШС, мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпорындар, кәсіпкерлік субъектілері қамтамасыз етсін:4.1. жұмыс күнінің (ауысымның) ұзақтығын барынша қысқарту мүмкіндігімен меншік нысаны мен қызметкерлердің штаттық санына қарамастан барлық ұйымдардың, кәсіпорындардың қызметкерлерінің кемінде 80% үшін қашықтықтан жұмыс нысанын сақтау;
4.2. сауда объектілерінде, қызмет көрсету саласындағы объектілерде, қоғамдық көлікте және адамдар көп жиналатын орындарда дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу;
4.3. жұмыс күндері қалалық қоғамдық көліктің жұмысы (пик сағаттарында автобустардың санын көбейту, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен өңдеу, барлық есіктерді ашу, отыратын орындар саны бойынша толтырылуы, жолаушылар үшін қолжетімді орындарда тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтау және жолаушылар мен жүргізушілердің бетперде киюі)сағат 6:00-ден 22:00-ге дейінгі жұмыс кестесімен және демалыс күндері жұмысқа тыйым салу;
4.4. ХҚКО жұмысын алдын ала қатаң түрде Egov.kz, EgovKZBot 2.0 телеграмм-бот арқылы брондау ретімен күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық шараларын сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс күндерітүскі үзіліссіз сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін. Құжаттау бөлімі: жұмыс күндері түскі үзіліссіз сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін. Мамандандырылған бөлім: жұмыс күндері және сенбі күні сағат 09:00-ден 18:00-ге дейінқұжаттарды қабылдау, дайын құжаттарды түскі үзіліссіз сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін беру;
4.5. азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ашық ауада) жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 10:00-ден 17.00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;
4.6. сауда-ойын-сауық орталықтарының,сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын жұмыс күндері күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, демалыс аймақтарында және демалыс орындарында сатып алушылардың болуын қоспағанда, бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30%-нан аспайтын толымдылығын сақтай отырып,жұмыс кестесін сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін белгілеумен жәнедемалыс күндері жұмысқа тыйым салуменұйымдастыру. Бұл ретте көрсетілген объектілер мен олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарының, кинотеатрлардың, ойын орталықтарының, фудкорттардың жұмысына қатаң тыйым салынады;
4.7. жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысын бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30% - дан аспайтын толымдылығын сақтай отырып,жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін белгілей отырып және демалыс күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру;
4.8. балалар мен ересектерге арналған түзету кабинеттерінің жұмысын (алдын ала жазылу бойынша, 5 адамнан артық емес) күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 11-ден 18.00-ге дейін белгілей отырыпжәне демалыс күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру;
4.9. білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің,балаларды дамыту орталықтарының жұмысын (5 адамға дейінгі топтарда алдын ала жазылу бойынша) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін белгілей отырып және демалыс күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру;
4.10. сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызметтер,маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін орталықтар мен салондардың жұмысын(қатаң түрде 1 келушіге 4 м2 есебінен алдын ала жазылу бойынша) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс күндері жұмыс кестесін 10.00-ден 20.00-ге дейін белгілей отырыпжәне демалыс күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру;
4.11. моншалардың, сауналардың (бассейнсіз, массажсыз және пилингсіз) жұмысын бір мезгілде келушілердің жобалық сыйымдылығы 30%-дан аспайтынқатысумен жұмыс күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін (алдын ала жазылу бойынша)жұмыс режимін уақытша шектей отырып және демалыс күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру;
4.12. фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың (бассейнсіз, массажсыз және пилингсіз) жұмысын 1 келушіге 5 кв.м дейінгі және 50%-дан аспайтынтолтырумен қамтамасыз ету кезінде, қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша,күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін белгілей отырып және демалыс күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру;
4.13. мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын меншік нысанына қарамастан, әр топта 15 баладан аспайтындай толтырумен, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық және карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып, жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 07:30-ден 18:00-ге дейін белгілеумен және демалыс күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру;
4.14. қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысын (мейрамханалар, кафелер, барлар, асханалар) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, ғимараттың ішінде 30-дан артық емес және жазғы алаңда 30-дан артық емес орындықтардың толымдылығы бойынша шарттарды сақтаумен және көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бір үстелге 4-6 адамнан аспайтындайетіп отырғызумен, жұмыс күндеріжұмыс кестесін9:00-ден 23: 00-ге дейін, жеке иелік аумақтарымен тұрғын үй ғимараттарында орналасқан объектілер үшін жұмыс кестесі сағат 9:00-ден 22:00-ге дейінбелгілей отырып ұйымдастыру. Демалыс күндері қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысы тек ашық ауада отыратын орын саны 30-дан аспайтындай және тамақ жеткізуге, өзі алып кетуге тыйым салумен, жұмыс кестесі сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін белгілене отырыпрұқсат беру.Бұл ретте, ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;
4.15. тамақ өнімдерін (шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер) сататын азық-түлік дүкендерінің жұмысын бір сатып алушыға 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30%-дан аспайтын толымдылығын сақтай отырып, күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды қадағалаумен, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;
4.16. тұрғын үйлерде және жеке секторда орналасқан тамақ өнімдерін сату жөніндегі дүкендердің жұмысын бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30%-нан аспайтын толымдылығын сақтаумен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 8:00-ден 23:00-ге дейін белгілеумен ұйымдастыру;
4.17. азық-түлік емес тауарлардың барлық түрлерін сату бойынша дүкендердің жұмысын бір сатып алушыға 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30%-нан аспайтын толымдылығын сақтай отырып, санитарлық-эпидемияға қарсы,санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынған сауда желісін, тек онлайн тапсырыстарды қабылдаумен және тауарларды курьерлермен жеткізумен, өздігінен алып кетуге тыйым салумен ұйымдастырылатын жұмысты қоспағанда,жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырыпұйымдастыру;
4.18. ашық ауада жалпы пайдаланылатын орындарда орналасқан аттракциондар мен балалар ойын алаңдарының жұмысын тыйым салынған және санкцияланбағандарды қоспағанда,күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырып және демалыс күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру;
4.19. жұмыс кестесінің шектеулерін белгілеместен күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, салттық қызметтер көрсету жөніндегі объектілердің жұмысын ұйымдастыру;
4.20. гүлдерді сату жөніндегі объектілердің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен,жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырыпұйымдастыру;
4.21. "Қазпочта" АҚ-ның онлайн режимінде көрсетілмейтін қызмет көрсету бөлігіндегі жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды қадағалаумен,жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін белгілей отырып және демалыс күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру;
4.22. қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне (екінші деңгейдегі банктер, айырбастау пункттері, ипотекалық ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар, төлем ұйымдары, коллекторлық агенттіктер) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығын дамыту және реттеу бойынша Қазақстан Республикасы Агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектеумен рұқсат беру;
4.23. бизнес-орталықтардыңжұмысын(адвокаттың, нотариустың, бухгалтердің және консалтингтің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының, туроператорлардың және т. б. қызметтері) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыскүндері жұмыс кестесін сағат 11:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырып және демалыс күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру;
4.24. бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінің жұмысын штаттық режимде ұйымдастыру;
4.25. жеке медициналық орталықтардың, стоматологиялардың жұмысын қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;
4.26. "демалыс күні" (ашық ауада) ауыл шаруашылығы, мектеп және азық-түлік жәрмеңкелерінің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, текдемалыс күндері ғана жұмыс кестесін сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;
4.27. көшедегі азық-түлік саудасының рұқсат етілген түрлерінің жұмысын (оның ішінде тез тамақ өнімдерін, пончиктерді, балмұздақтарды, алып шығуға арналған кофені, көкөніс шатырларын және т. б. сататын объектілердің) күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен,жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 12:00-ден 23:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;
4.28.көлік жуу, авто және тұрмыстық техниканы, шиномонтаж станцияларын жөндеу бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен,жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейінбелгілей отырыпұйымдастыру;
4.29.барлық қызмет түрлеріндегі өндірістік кәсіпорындардың жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жеке жұмыс режимі белгіленген үздіксіз өндірістік циклі бар объектілерді қоспағанда, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;
4.30. күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, Ұлттық құрама командалары үшін(спорт базаларының аумағында тұруды 30 адамнан аспайтындайқамтамасыз ете отырып) ашық ауада спорттық жаттығулар өткізуді ұйымдастыру;
4.31. халыққа қызмет көрсету объектілерінің (типографиялық қызмет көрсететін объектілер, тігін ательесі, аяқ-киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу жөніндегі сервис) және өзге де объектілердің жұмысына, шоғырлануды және ұзақ әрі тығыз байланысты болдырмайтынкүшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып,жұмыс және демалыс күндері сағат 08:00-ден 18:00-ге дейінгі жұмыс кестесін белгілеу;
4.32.қызмет көрсету саласы объектілерінің жұмысына (химиялық тазалау, кір жуу, оргтехниканы жөндеу(алдын ала жазылу бойынша),медициналық бетперде киген келушілерге рұқсат беруді қамтамасыз етумен және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаумен, жұмыс күндері сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеу;
4.33. халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы туризм объектілері мен ұйымдардың жұмысына (қонақ үйлер, отелдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т. б.) толымдылығын 50%-дан аспайтын мөлшерде сақтаған кезде күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтау;
4.34. объектілердің барлық түрлерінің жұмысын ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» қаулысының қосымшасын сақтау кезінде рұқсат етіледі. ("Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 14 тамыздағы № 47 қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен)
4.35 өңірлер арасында жолаушылар автобусы қатынасын тоқтата тұру;
4.36. діни бірлестіктердің барлық объектілеріне (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) келушілер мен барушылардың келуіне тыйым салу;
4.37. мәдениет объектілерінің (мұражайлардың, театрлардың, концерт және көрме залдарының және т. б.) жұмыс істеуіне тыйым салу;
4.38. көңіл көтеру орындарында жұмыс істеуге тыйым салу (бильярд, караоке, боулинг орталықтары, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер және ойын клубтары , соның ішінде лотерея ұтысы және т. б.);
4.39. орналасқан жеріне қарамастан кинотеатрлардың, фудкорттардың, банкет және салтанатты залдардың жұмысына тыйым салу;
4.41. қаладағы саябақтарда, жағалауларда, скверлерде балалар мен ересектерге арналған қозғалыс құралдарын (электромобильдер, педальды автомобиль, самокаттар, картингтер, пейнтбол, автодромдар, гироскутерлердің барлық түрлері және т. б.) жалға беруге тыйым салу;
4.42. қалалық жағажайлардың, аквапарктердің, океанариумның жұмысына тыйым салу;
4.43. жаттығушылар санына қарамастан жабық ғимараттарда (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары) жаттығулар өткізуге тыйым салу;
4.44. спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ форумдарды, конференцияларды, семинарларды, жиналыстарды, тыңдауларды және т. б. өткізуге тыйым салу.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінеосы қаулының талаптарының сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін. Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасына:6.1. бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде қабылданатын шаралар туралы ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз ету, адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіру;
6.2. осы қаулы барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала тұрғындарының назарына жеткізілсін.
Нұр-Сұлтан қаласы ТКҚСҚБК департаментінің аудандық басқармалары Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментімен және Нұр-Сұлтан қаласының аудандық әкімдіктерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, осы қаулының орындалуын бақылауды күшейтуді қамтамасыз етсін. осы қаулының 3-тармағы,3.25 тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 8 тамыздағы № 227 қаулысының. "Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау объектілерінің жұмысын жаңарту туралы" 1-тармағының 1.1. күші жойылды деп танылсын. Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Нұр-Сұлтан қаласында енгізілген қатаң шектеу карантиндік шараларын ұзарту туралы» 2020 жылғы 18 шілдедегі № 221 қаулысы және «Нұр-Сұлтан қаласында енгізілген қатаң шектеу карантиндік шараларын ұзарту туралы» Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 1 тамыздағы № 225 қаулысының күші жойылды деп танылсын. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті. Осы қаулы 17 жылдың 2020 тамызынан бастап күшіне енеді.Нұр-Сұлтан қаласының
Бас мемлекеттік
санитарлық дәрігері А. Шағалтаева