• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Қазан, 2013

Тойға тарту көп

351 рет
көрсетілді

Төле би Әлібекұлының 350 жылдық мерейтойы жақындап келеді. Бұл күндері облыс аумағында баба құрметіне арналған көптеген мерекелік іс-шаралар өтеді. Оған елімізге белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар және өнер қайраткерлері келеді деп күтілуде.

Мерейтойдың алғашқы мәдени іс-шарасы облыстық драма театр­да жазушы Елен Әлімжанның «Төле би» драмасымен басталады. Төле би даңғылы мен Жел­тоқ­сан көшесінің қиылысынан бой көтеретін баба ескерткішінің сал­танатты ашылу рәсімі де өңір тарихы үшін ерекше оқиға болмақшы.

Той барысында «Төле би­дің қасиеттері мен өсиет­тері» рес­пуб­ликалық жыр мүшәй­расының же­ңімпаздары мен жүлдегерлері ма­рапатталса, «Баласағұн» ор­та­лық концерт залында «Төле би және оның ұлағатты мұралары» та­­қы­рыбында республикалық ғы­­лыми-тәжірибелік кон­­фе­ренция өткізіледі. Сондай-ақ, қазақстандық бір топ эстрада жұлдыз­дары Тараз қаласындағы Орталық стадионда мерейтойға арналған тартулары – әсем ән мен тәтті күйден шашу шашады. Той шымылдығы Бауыржан Момышұлы атындағы атшабарда өтетін ұлттық ат спорты ойындарымен жабылады.

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Жамбыл облысы.

Соңғы жаңалықтар