Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың "Министрлік жұмысының қорытындылары және 2020-2025 жылдарға арналған міндеттер туралы" халықпен есептік кездесуі 20 тамызда өтеді. Бұл туралы Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесу сағат 11.00-де басталады, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі мен Министрліктің Facebook және YouTube-те трансляцияланумен оnline режимінде өтеді.
Министр тікелей эфирде азаматтардан келіп түскен сұрақтарға да жауап береді.
Бұдан басқа, есептік кездесу барысында жедел желі телефоны жұмыс істейді - 8 701 701 01 34. Осы телефон нөмірінің WhatsApp-на қызықтыратын сұрақтарды жібере аласыз.
Есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша министрдің брифингі өтеді. Ол «Хабар 24» телеарнасында трансляцияланады. БАҚ өкілдері өз сұрақтарын Орталық коммуникациялар қызметіне жолдай алады.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.