• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Тамыз, 2020

e-Salyq mobile: брондау мүмкіндігі іске асырылды

285 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) халық пен бизнестің мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимылына қолайлы жағдай жасау мақсатында тұрақты негізде мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.

Сонымен, осы жылдың шілде айында "e-Salyq mobile" мобильді қосымшасында мемлекеттік кірістер органдарына бару күні мен уақытын брондау мүмкіндігі іске асырылды. Бұл функция қызмет алушыларға кезек күту түрінде уақыт шығындарын жоюға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның таралу қаупі жоғары болған жағдайда, алдын-ала брондау мүмкіндігі қызмет алушылардың ағынын реттеуге, сервис орталықтарында кезектердің пайда болуына жол бермейді. Онлайн брондау "e-Salyq mobile" мобильді қосымшасының "Электрондық қызметтер" бөлімінде, сондай-ақ Комитеттің порталында қол жетімді.

Сонымен қатар, көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік кірістер органдарының жұмысына қанағаттанушылық деңгейін анықтау мақсатында Комитеттің порталында "Сауалнама" бөлімінде салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының пікірлерін алу үшін онлайн-сауалнама іске асырылды. Сауалнама қызмет алушыларға мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету, қызмет алушыларға мүлік салығы, жер салығы, көлік салығы және басқа да мәселелер бойынша қызмет көрсету сапасын бағалауға мүмкіндік береді. Сауалнама нәтижелері Комитеттің порталына орналастырылады.