• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Қазан, 2013

Жаңа вагондар жолға шықты

480 рет
көрсетілді

2013 жылғы 24 қазанда Астана вокзалынан «Жолаушылар тасымалы» АҚ жасақтаған «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған «Астана-Атырау» бағытындағы №19/20 «Атырау» жүрдек пойы­зының екінші құрамы аттанды.

 

2013 жылғы 24 қазанда Астана вокзалынан «Жолаушылар тасымалы» АҚ жасақтаған «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған «Астана-Атырау» бағытындағы №19/20 «Атырау» жүрдек пойы­зының екінші құрамы аттанды.

Жаңа пойыздың қатынау мерзімділігі – күнара. Астанадан Атырауға дейінгі жол 22 сағат 57 минутты, Атыраудан Астанаға дейінгі уақыт 22 сағат 15 минутты құрайды.

Пойыздың жаңа құрамы 27 вагоннан тұрады, оның 22-сі жолаушылар тасымалдауға бейімделген, 2-уі «Гранд» санатты (екі орындық люкс), 2-уі «Бизнес» санатты (екі орындық) және «Турист» санатты (төрт орындық) 18 жолаушы вагоны. Сондай-ақ, 3 техникалық, 1 вагон бар мен 1 мейрамхана вагоны бар.

«Гранд» санатты вагондардың бірі мүмкіндігі шектеулі аза­маттарға арналған және кез келген биіктіктегі платформадан вагон ішіне енуге мүмкіндік беретін арнайы көтергіш құрылғымен жаб­дықталған. Купеде душ, сани­тар­лық желі, арнайы жаб­дық­­тал­ған есіктер, жолсерікті шақы­ру нүктесі қарастырылып, жолау­шыларды отырғызу және түсі­руге ыңғайландырылып дә­ліздер кеңейтілген.

«Тұлпар-Тальго» вагонда­ры жоғары жайлылыққа, жеңіл конструкцияға ие және Қазақ­стан­ның ауа райы өз­гешеліктеріне бей­імделіп, қазіргі заманның зама­науи технологияларын пай­далану арқылы жасалған. «Тұл­пар-Тальго» вагондары энер­гиямен қамтамасыз ететін орталық жүйе, ауа баптағышпен, қауіпсіздікті бақылаудың электронды жүйесімен қамтылған.

Атап өтер жайт, жүрдек ба­ғыт­тардың жіберілуі жолдағы уақытты 1,5 есеге қысқартады. №19/20 пойыздың жіберілуі Ас­тана стансасынан Атырауға дейінгі жолды (1 839 км.) 33 сағат­тан 22 сағатқа қысқартады.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар