• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Саясат 19 Тамыз, 2020

Әскер қатары жас мамандармен толығуда

278 рет
көрсетілді

17 тамызда Қорғаныс министрлігінде ведомство басшысы, генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті.

Әр аптадағы дәстүрге сәй­кес күн тәрті­бін­­д­егі басты мә­селелердің бірі Қазақстан Қару­лы Күш­­терінің жауынгерлік әзірлігін арт­­­тыру бол­ды. Осы жылдың қыркүйек пен қазан ай­ларына жоспарланған оқу-жат­тығу­ларға бай­ланысты Бас штаб пен бас қол­бас­шы, со­ны­мен қатар қол­бас­шылар бірың­ғай кешен­ді стра­тегиялық міндет шең­берін­де іс-шараларды орындауды жал­ғастыруы қажет.

Қорғаныс министрі алдағы оқу-жат­тығу­ларға жан-жақты дайындықты ұйым­дас­тырып, қауіпсіздік шараларын сақтауға және тартылатын бөлімшелерді үйлестіру кезінде басқаруды арт­тыруға, басшылық аппараттың әдістемелік дайындығына, оқ-дәрілер мен қару-жарақ, техни­ка­лардың жарамдылығын тексеруге ерекше назар аударуды тапсырды.

«Жауынгерлік даярлықта взводтар мен роталық тактикалық топтарды үй­лес­­­тіру­дің сапалы жүргізілуіне назар аударыл­­сын. Жеке құрамның тактикалық оқу-жат­­тығулар мен атыстарды өткізу кезін­де қауіпсіздік шараларын қатаң сақ­тауын қам­тамасыз етсін», – деп атап өтті Нұр­лан Ермекбаев.

Сондай-ақ 25-28 тамызда команда­лық-штабтық оқу-жат­тығуға байланысты Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы Кас­пийдегі кеме қатынасы мен теңіздегі экономикалық қыз­мет нысандарының қауіпсіз­ді­гін қамтамасыз ету, теңізде құт­қару іс-шараларын жүргізу мәселелерін іс жүзінде пысық­тауы қажет.

Әскери қызметшілердің бар­лық санаттары үшін әртүрлі та­қырыптар бо­йынша дәрістер, презентациялар және практикалық сабақтар түрінде ұсынылған оқу модульдерін жетілдіру бойынша жұ­мыс жалғасуда. Әскери қыз­мет­шілердің сауат­тылығын арт­тырудың жаңа нысанын түр­лі жағдайларда әрекет ету қабіле­тін­ әскери қызметшілер оң қа­былдауда.

Оқу модульдеріне суреттел­ген іс-әре­кет­тер түріндегі си­туа­циялық кейстер (өмірден алын­ған мысалдар) қоса бері­леді, онда нақты жағдайлардың мы­са­­лын­да себеп-салдар бойынша байланыс­тар мен әскери қыз­метшілердің іс-әрекеттерінің дұ­рыстығын бағалау, олардың қателіктері мен жасалуы, сон­дай-ақ қорытындылары да қа­ралады. Аталған кейстер әскери қызметшілердің сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға және стандартты емес жағ­дайларда әрекет етуге, төтенше жағ­дай­лардың алдын алуға бағытталған.

Бас қолбасшылар мен қолбас­шы­лардың күштері әртүрлі мысалдар негізінде, жағ­дай­ларға байланысты шетелдік тәжіри­бе­лермен толықтырылады.

Қазіргі таңда әскери бөлім­дер­де әскери оқу орындары мен кадет корпусының түлек­т­ерімен жиындар жүріп жатыр. Қор­ғаныс ведомствосының басшысы­ оларды бейімдеп, тез арада қатарға қосу үшін тиісті жағдай жасауды, барлық үлес түрлерімен қамта­ма­сыз етуді, оларға лауазымға орналасу үшін тәлімгерлерді бекітуді тапсырды.

Қалыптасқан эп­иде­мия­­­лық жағ­дай­ға бай­ла­нысты әртүрлі санаттағы ме­ди­­­ци­­­налық мамандарға қажеттілік артты. Әске­ри-медициналық маман­дар­­дың қыз­ме­тін неғұрлым ұтымды үйлес­тіру үшін олар­ды ротациялау жүзеге асырылатын болады.

Бұдан бөлек, аппараттық кеңес барысында әскери-әуе кемелерінің авиа тұрақ мәсе­ле­лері талқыланды. Өңірлік қол­басшылықтардың, десанттық-шабуылдау әскерлерінің, әскери-әуе күштерінің және әуе шабуылына қарсы қорғаныстың жедел ақпараты тыңдалды.

Мерзімді әскери қызметке шақыру шең­берінде жергілікті әскери басқару орган­дары мен жергілікті атқарушы орган­дар­­дың функцияларының аражігін ажырату мәселесі де назардан тыс қалмады. Қо­р­ға­ныс ведом­ство­сы жүргізілген жұмыс­тың қорытындысы бойынша қолда­ныстағы нор­мативтік-құқықтық актілерге түзетулер енгізуге бастама жасайтын болады.