Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлескен консультативтік жиналыс өтті. Күн тәртібінде министрлік пен оның комитеттерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелері талқыланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет су ресурстары, экологиялық реттеу және бақылау, сондай-ақ орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі комитеттерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. «Біз сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою бойынша нақты ұсыныстар тізбегін ұсындық. Алайда оларды іске асырудың табыстылығы терең, әрі дербес ішкі талдауды қажет етеді. Бұл мемлекеттік органдар үшін аксиомаға айналуы тиіс. Мәселен, әркім өз олқылықтарын басқаларға қарағанда жақсы біледі», деді агенттік төрағасының бірінші орынбасары О.Бектенов.
Су ресурстары комитеті мен оның ведомстволық бағынышты мекемелерінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, су шаруашылығы, мемлекеттік сатып алу, бақылау функциялары мен персоналды басқаруда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері. Экологиялық реттеу және бақылау, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеттерінде тәуекелдерді тексеру іс-шаралары кезеңдері мен бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз етуде зиянды өтеу және бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар белгіленген.
Агенттік әкімшілік тәжірибені ретке келтіруді ұсынды, ол бүгінде тәжірибелік іске асырудағы әртүрлілігімен сипатталады, яғни, бірдей әрекеттер үшін әртүрлі санкциялар қолданылады, ал айыппұл келтірілген залалға сәйкес келмейді. Ұсыныстарды іске асыру аясында министрлік мемлекеттік экологиялық бақылау жүргізу тәртібінің мерзімдері, залалды белгілеу және есептеу тәртібі, анықталған бұзушылықтарды жоюға ұйғарым жасау және жіберу бөлігінде ережесін әзірледі.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев ведомство қызметкерлеріне транспаренттілік қағидаттарын сақтау және нормаларды түсіндіруде кез келген екіжақтылықты болдырмайтын нақты рәсімдерді белгілеу арқылы ғана экология саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда нақты нәтижелерге қол жеткізуге болатынын атап өтті.