Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Экономиканы модернизациялау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Отырысқа қатысушылар қазақстандық астық пен ұнды әлемдік рыноктарға экспорттауды қолдау және оны ұлғайту мәселелерін талқылады.