5-7 ақпан аралығында Қазақстанның басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазгидромет» мамандарының болжамынша, алдағы күндері қар аралас жауын-шашын, көктайғақ, тұман және екпінді жел күтіледі. Ел аумағына оңтүстік-батыс ауа массаларының келуіне байланысты күндізгі температура келесідей көрсеткішке дейін көтеріледі:
Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда: -3...+2 градус;
Оңтүстікте: +8...+17 градус;
Оңтүстік-шығыста: +5...+15 градус.
Бірақ аптаның соңына қарай жауын-шашын тоқтап, күн күрт суытады деп болжанған.
Еске сала кетейік, бүгін республикалық маңызы бар автожолдардың бірнеше учаскесінде ауа райы күрт нашарлайды.