• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Спорт 19 Тамыз, 2020

Қазақстандық төрешілер Чемпиондар лигасында төрелік етеді

422 рет
көрсетілді

Қазақстандық төрешілер бригадасы Чемпиондар лигасындағы әзербайжандық "Карабах" пен "Шериф" (Молдова) - "Фола" (Люксембург) жұбының жеңімпазды арасында өтетін кездесуге төрелік етеді. Бұл туралы Egemen.kz Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

26 тамыз күні Баку қаласындағы "Тофик Бахрамов" стадионында өтетін кездесудің  бас төрешісі Фуркат Атажанов. Оған қапталда Сергей Калачев пен Дархан Тулегенов көмектеседі. Төртінші төреші Григорий Московченко. 

Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де басталады.