Қошқарбаев көшесінде Құдайбердіұлы даңғылынан көлік қиылысына дейінгі учаскеде орташа жөндеу жұмыстары аясында жол құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Осыған байланысты 20-23 тамыз аралығында қозғалысты жартылай жабу жоспарланған.
"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек", деп хабарлады көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.