• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Саясат 20 Тамыз, 2020

Моңғолияда Үкіметаралық комиссияның 8-ші отырысын өткізу мәселелері талқыланды

189 рет
көрсетілді

Елші Жалғас Әділбаев Моңғолияның Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі, Қазақстан-Моңғолия сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Аюушийн Ариунзаяамен кездесті. Бұл туралы Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесудің басында дипломат А.Ариунзаяаны Моңғолияның Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтап, Сауда және интеграция министрі, қазақстандық тараптан екіжақты Үкіметаралық комиссияның тең-төрағасы Бақыт Сұлтановтың құттықтау хатын табыстады.

Сондай-ақ тараптар екіжақты Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының  8-отырысын өткізу, екіжақты құжаттарды дайындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы және Моңғолия арасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісімді дайындау жөніндегі жұмыс тобының кезекті мәжілісін ұйымдастыру мәселелері бойынша пікір алмасты. 

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.