• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Саясат 21 Тамыз, 2020

Барлық іс ашық әрі әділ жүргізілуі керек

158 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде кеңесте деректер қорын одан əрі интеграциялау жəне мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды жеделдетуге баса мəн беруді тапсырды. Ел Президентінің бұл тапсырмасы ел экономикасы үшін аса маңызды дер едім. Себебі жемқорлықты жеңудің бірден-бір жолы – мемлекеттік қызметтерді цифрландыру.

Бүгінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде осы цифрландыру мәселесіне қатысты ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Соның бір дәлелі ретінде еліміздегі жер қатынастары саласын цифрландыру жұмысы қолға алынып отыр. Себебі мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлықтың басым көпшілігі осы жер қатынастарын реттеу кезінде орын алады. Сондықтан біз жер телімін беруді толық автоматтандыруды көздеп отырмыз. Әрине бұл – аса күрделі жұмыс. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан да көп жұмыс атқарылатын болады. Алайда біз алдағы кедергілерден жасқанбаймыз. Көздеген мақсатымызға жетеміз деп ойлаймыз. Осылайша отандастарымыз алдағы уақытта жер телімдері мен учаскелерін тез әрі жылдам ала алатын болады. Сол арқылы жемқорлықтың да тамырына балта шабылады деген үміттеміз.

 

Арай ОРАЗОВА,

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Цифрландыру департаменті директорының орынбасары