• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
26 Қазан, 2013

Алқалы жиында талқыланды

307 рет
көрсетілді

Бұл жайында энергетикалық қауіпсіздік мәселелеріне арналған WEC-2013 22-ші Бүкіләлемдік энергетикалық конгрестің жұмысына қатысу мақсатында жүзеге асырылған қазақстандық делегацияның Оңтүстік Кореяға сапары аясында келісілген болатын.

 

Бұл жайында энергетикалық қауіпсіздік мәселелеріне арналған WEC-2013 22-ші Бүкіләлемдік энергетикалық конгрестің жұмысына қатысу мақсатында жүзеге асырылған қазақстандық делегацияның Оңтүстік Кореяға сапары аясында келісілген болатын.

Қазақстан энергетиктері делегациясының құрамында «Самұрық-Қазына» АҚ, «KEGOC» АҚ және KAZENERGY қауымдастығының өкілдері бар.

Энергия қауіпсіздігі мәсе­лелерін талқылау үшін әлемнің 100-ден астам елінен келген әлемдік энергетика саласының 6 мыңға жуық жетекші өкілі жиналды. Конгреске қатысушылар әлемдік және аймақтық энергетиканы дамыту, көмір және атом энергетикасы мен энергия тиімділігін дамыту мәселелерін талқылады.

Іс-шара аясында Еуропалық энергетиканы дамыту мәселелері жөніндегі аймақтық отырыс­та еуропалық аса ірі 10 энер­гетикалық компанияның жетек­шілері «Еуроодақ энергетикалық саясатының бағытын өзгертуге шақыру» атты үндеуі баршаға жария етілді. Аталған құжатта коммуналдық шоттардың көте­рілуінен, электрмен қамтамасыз етуге сенімділіктің азаюынан және көмірсутегі шығарылымының артуынан қолданыстағы Еуроодақ энергетикалық саясаттың түбе­гейлі құлдырауына ерекше назар аударды. Бүгінгі күні Бельгияда, Чехияда және Португалияда орнатылған бүкіл қуатпен бара-бар болатын 51 гигаватт заманауи электр қуаты консервациялануына байланысты электрмен қамтамасыз етудің сенімділігіне үлкен қатер төніп тұр.

Энергетикалық ком­пания­лардың басшылары «бұрынғы әлемдік тәртіптен» бас тарт­қанына ерекше назар аударып, тұтынушыларды қорғау мақ­сатында үйлестірілген жұмыс істеу қабілеті жоғары және же­ңілдетілген жүйені қолдайтыны туралы баяндады.

Аталған бұл бастама орын алған жағдайды түзету бойынша – қайта жаңартылатын энергия көздерін тек нарық жағдайында ғана қолданысқа енгізу және демеу, қаржыдан бас тарту, жаңа құрылысқа қаражат бөлгеннің орнына қолданыстағы бәсекеге жарамды қуаттарды пайдалану, сондай-ақ, Еуроодақта көміртегі нарығын нығайтуға нақты шаралар ұсынады.

Сонымен қатар, кореялық әріптестермен қол жеткізген келі­сімдер тізіміне тағы да бір маңызды тармақ енгізілгенін де айта кету орынды. Ол – 2014 жылы Астана экономикалық форумының аясында Әлемдік энергетика жетекшілерінің саммитін өт­кізу. Бұл туралы Бүкіләлемдік энергетикалық кеңестің бас хатшысы Кристоф Фрай мырза мен қазақстандық делегацияның жетекшісі «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы, осы кеңестің Қазақстандық комитетінің төр­ағасы Алмасадам Сатқалиев тиісті келісім жасады.

– Біз үшін бұл қосымша жауапкершілік. Сондықтан да біз саммитті ұйымдастыруға тиіспіз және оны аса жоғары деңгейде өткізуіміз керек, – деп мәлімдеді «Самұрық-Энерго» басшысы.

Жалпы алғанда, Қазақстан мен Кореяның мемлекеттік және бизнес-құрылымдарының өзара іс-әрекет жасауының жо­ға­ры деңгейі екі елдің қазіргі кездегі даму сатысының стра­тегиялық ынтымақтастық ауқы­мымен дәлелденеді. Бұл туралы қазақстандық тараптың атынан «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиевтың төрағалығымен 18 қазанда өткен Қазақстан-Корея іскерлік кеңесінің төртінші отырысына қатысқан мамандар да сөз қозғады.

Екі елдің 140-тан астам іскер өкілдерінің қатысуымен өткен форумның жұмысы кезінде тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту болашағын, әртүрлі саладағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін, соның ішінде энергетиканы, энергияның қайта жаңартылатын көздерін, теміржол көлігін, технологиялар мен инновацияларды, энергия тиімділігін, қаржылық саланы, ауылшаруашылық, медицина, логистика, машина, құрал-жабдық жасау саласын, мұнай мен газ-химия салаларын және мәдени ынтымақтастық орнату мен мамандар дайындау мәселелерін талқылады.

Атап айтқанда, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компания­лар тобының басшыларын Samsung Адам ресурстарын дамыту орталығында оқыту туралы келісімге қол жеткізілді.

Қазақстан делегациясының құрамында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ холдингіне кіретін, атап айтқанда «Қазақстан те­мір жолы» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Қазақ­те­леком» АҚ, «Эйр Аста­на» АҚ, «Самұрық-Қазына Ин­вест» АҚ, «СҚ-Фармация» ЖШС, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялары да бар. Сонымен қатар, форумға Қазақстан эко­номикасының жекеменшік сек­торының, даму институттары мен мемлекеттік органдардың өкілдері де қатысты.

Іскерлік кеңестің аясында Балқаш ЖЭС құрылысын одан әрі белсендіре түсу қажеттілігі туралы келіссөздер жүргізілді. 2013 жылғы 10 қазанда өткен Қазақстан Республикасы Пар­ламенті Сенатының ке­ңей­тілген пленарлық отырысында Балқаш жылу электр стан­сасының құ­рылысы жобасы бойынша Үкі­метаралық келісімге хаттаманы ратификациялау туралы Қа­зақстан Республикасы заңының жобасы мақұлданғаны белгілі. Ал Мемлекет басшысы аталған мәселе бойынша бірқатар нақты тапсырмалар да берді.

Бүгінгі күні Қазақстанда Корея капиталының қатысуымен 300-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейтінін еске түсіре кетейік. Біздің мемлекеттеріміз арасындағы тауар айналымы 1 миллиард АҚШ долларынан асып жығылады, ал Корея ин­весторларының Қазақстан экономикасына салған инвес­тициясының жалпы көлемі қазіргі кезде 8 миллиард доллардан артық болып отыр.

Динара АРОВА.

Соңғы жаңалықтар