• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Тамыз, 2020

Бүгін түнде Еуропа лигасының финалы. Кім жеңеді, кім жеңіледі?

700 рет
көрсетілді

Қатарынан 11 ойында жеңіліс көрмеген Миланның «Интер» командасы бұл жолы да жеңісті жолын жалғастырғысы келетіні анық. Алайда олардың қарсыласы «Севилья» Еуропа лигасының кубогын бес мәрте жеңіп алғанын ұмытпауымыз керек. Сондықтан андалусиялық команда аталмыш турнирде басты фовориттердің бірі. Қай жағынан алып қарасақ та екі ұжымға да бұл кездесу оңайға соқпайды.

Ойын алдында «Интердің» бас жаттықтырушысы Антонио Конте былай дейді: «Жеңіске жету үшін аса бір құштарлықпен ойнау керек және кубокты Италияға қайтару керек. Егер біз мықты болсақ, онда кубокты жеңеміз. Егер жігерлілік танытпасақ, онда қарсыласымызды құттықтауға тура келеді».

Финалға дейін «Интер» алдымен Чемпиондар лигасында сынға түсіп өз тобында үшінші орын алды. Ал Еуропа лигасында «Лудогорец», «Хетафе», «Байер» және «Шахтерді» жарыстан шығарды. Соңғы 15 жылда Еуропа лигасының кубогын бес мәрте жеңіп алған «Севильяны» бұл турнирде басты фовориттердің бірі екенін айттық. Алайда финалға оңай команда шықпайтынын ескеру керек.

Бір қызығы, бұған дейін «Севилья» Еуропа лигасының жартылай финалында бес рет ойнап, барлығында да финалға шыққан және барлығында да жеңіске жеткен. Енді міне, қатарынан 20 матчта жеңілмеген «Севилья» алтыншы мәрте Еуропа лигасының финалына шығып отыр.

Юлен Лопетеги, «Севильяның» бас жаттықтырушысы: «Шебер Ойыншылары мен жаттықтырушының үлкен тәжірибесін ескерер болсақ, «Интер» Чемпиондар лигасында ойнауға лайық команда. Сондықтан біз алаңның барлық қапталында мейлінше жақсы ойын көрсетуіміз керек. «Интерге» қарсы тұру біз үшін өте қиын».

 

Негізгі құрамға мыналар шығуы мүмкін:

«Севилья»: - Буну; Навас, Диего Карлос, Кунде, Регилон; Банега, Фернандо, Хордан; Сусо, Эн-Несири, Окампос

«Интер» - Ханданович; Годин, де Врей, Бастони; Д'Амброзио, Барелла, Брозович, Гальярдини, Янг; Мартинес, Лукаку

 

«Севилья» (Испания)

УЕФА рейтингінде: 8-орын

Чемпионаттағы орын: 4 (соңғы матч: 19 шілдеде өтті)

Финалға қалай шықты: А тобында бірінші орын, ЧФР-мен (1/16) 1:1, «Ромамен» (1/8) 2:0, «Вулверхэмптонмен» (1/4) 1:0, "Манчестер Юнайтедпен" (1/2) 2:1.

Еуропа лигасын 5 дүркін жеңімпазы: (2005/06, 2006/07, 2013/14, 2014/15, 2015/16)

Соңғы рет 2015/16 маусымда финалда «Ливерпульді» жеңді.

 

«Интер» (Италия)

УЕФА рейтингінде: 33-орын

Чемпионаттағы орын: 2-ші (соңғы матч: 1 тамызда өтті)

Финалға қалай шықты: Чемпиондар лигасының топтық кезеңінен 3-орын, 4:1 «Лудогорецпен» (1/16), 2:0 «Хетафемен» (1/8), 2:1 «Байермен» (1/4), 5:0 «Шахтермен» (1/2).

Еуропа лигасының 3 дүркін жеңімпазы (1990/91, 1993/94, 1997/98)