Біз кімбіз? Қашан, қай жерде пайда болдық. Тағдыр ұсынған қилы-қилы жолдардан қалай өттік? Жетістіктеріміз, тарих сындарына төтеп бере алмай сүрінген сәттеріміз жайлы не білеміз? Зерттеуші-ғалым Шах-Мұрат Қуанғановтың «Арий гуны... Сквозь время и пространство» деп аталатын еңбегін оқыған әркімнің де осы сияқты сансыз сауалдардың жауаптарын табатынына сенімдіміз.
Біз кімбіз? Қашан, қай жерде пайда болдық. Тағдыр ұсынған қилы-қилы жолдардан қалай өттік? Жетістіктеріміз, тарих сындарына төтеп бере алмай сүрінген сәттеріміз жайлы не білеміз? Зерттеуші-ғалым Шах-Мұрат Қуанғановтың «Арий гуны... Сквозь время и пространство» деп аталатын еңбегін оқыған әркімнің де осы сияқты сансыз сауалдардың жауаптарын табатынына сенімдіміз.
Автор ата-бабамыздың даңқты жолдан өткенін баяндай отырып, бүгінгі ұрпақтың жүрегіне мақтаныш сезімін ұялатады.
Осыдан 30 мың жыл бұрын ғарыштық денелердің қозғалысының заңдылығын ашып, оны тасқа қашап, картаға түсірген біздің арғы аталарымыз дейді. Олар байлыққа қызықпаған, адамзатқа алғашқы мемлекеттік құрылымды ұсынған (Хун империясы, Шумер, Этруск, Никей), алғашқы руникалық жазуды сыйға тартқан, темір балқыту мәдениетін алғаш меңгерген (Ұлы Алтай мәдениеті), қос құрлықты тел емген «Еуразия» империясының шаңырағын көтерген. Алғашқы жазу бізден шықты дегенге шүбәңіз болмасын. Жазу-сызудың кемел бастауында біздің рулық таңбаларымыз тұрғанын, оның руникалық жазуға негіз болып қаланғанын ғалым нақты деректермен дәлелдейді. Сол сияқты, осы еңбекте олимпиялық ойындарға да мұрындық болғанымыздың бір шеті түрілді. Археологтар Олимпиаданың алғашқы символы төрт шеңберден тұрғанын алға тартуда. Бұл «төрт көзің түгел болсын» дегенді білдіреді. Олимп деген сөзде «әлем» деген сөздің тұрғаны айдай анық.
1571 жылы туған Кеплердің Жердің Күнді айналатынын ашқаны бірнеше ғасыр бойы еуропалық ой-сананың шыңы болып келсе, осы жаңалықты он бір ғасыр бұрын зерделеген Ариабхата «үнділік ойдың жауһары» саналды. Сөйтсек, шын мәнінде, жасампаздық ойдың төрі біздің бабаларымыздікі екен ғой, олардың осы құбылысқа осыдан отыз мың жыл бұрын дендеп бойлағанын енді біліп отырмыз.
Жапон зерттеушілерінің мұхит жұтып ғайып болған көне өркениеттің ізін тапқаны жайлы жазылып жүр. Кітапты оқып отырып, бұл біздің бір кезде жоғалтқан тарихымыз болуы әбден мүмкін-ау деген ойға қаласың. Жоғарыда айтқанымыздай, бабаларымыз жаза да, оқи да білген. Бұған рулық, тайпалық таңбалар дәлел. Солардың негізінде жалпыға ортақ түрік тілі қалыптасты. Ол ұлан-ғайыр Күн империясының табанжұртының тіліне айналды. Яғни біздің байырғы бабаларымыз Пірім Атей оқушы емес, оқытушы болған.
Бүгіндері археологтар көне киелі қорымдардан сол кездері ел билеген адамдардың бұзылмаған мәйіттерін табуда. Олардың үстіндегі киімдер, алтын мен асыл тастар өркениеттің хабаршысы іспетті. Қытайға дейін де ата-бабаларымыз жібектің жабайы түрінен киім киген. Жүн мен мақтадан тоқылған киімдерді пайдаланған. Құлобадан табылған құмыра, Солоходан алынған алтын тарақ, т.б. жәдігерлердің де шертер сыры аз емес-ау?!
«На большой серебряной вазе, найденной в царском скифском кургане Чертомлык (около Никополя на Днепре) мастер изобразил сцены укрощения и выездки лошадей.
В динамичном ритме движений умелец нашел отточенное выражение силы и ловкости, мужества, красоты.
Удачное сочетание сюжетной образности и функциональная передача «сфотографированной мастером действительности раскрывают духовный облик наших далеких предков. В них отражается осмысленная философия, восприятие и миропонимание.
Уверенно начертанные линии рисунков, смысловая повествовательность изображений читаются как книги», – деп жазады автор.
Ғалым өз заманында ата-бабамыздың кейінгі тарихына ықтият болудың шежіреден басқа жолын таппағанын айтады. Шежіре біздің үзік-үзік тарихымыздың жамауы, болашақта ақтаңдақты болдырмаудың тетігі деген ойға жетелейді.
Осылай бір кезде адамзатты сұрқай сүлесоқтықтан, қанатсыздықтан, дарынсыздықтан айырған төр ұлт, төр ұлыс мәдениетінің шыңы жазуынан айырылып, ауызша тарихатқа кіріптар болды. Оны тағы да мүлтіксіздік төріне шығарды. Жарқылды жасыннан найзағай еміп туған есіл ел ұзақ дастандарды жадында сақтай алды.
Ұлы Даланың киесін бойына дарытқан қайсар халық Еуразия кеңістігінде аспан тірердей ұлы мемлекет құруға бейімдігін танытты. Қытайдың дерек көздерінде осында (Орхон-Енесай тұстары) біздің заманымызға дейінгі 4,5-5 мың жылдары арғындар Таңатар Күн шығар Күн империясының керегесін көтергені айғақталып қатталған. Ел Шамбал деген атқа ие болған. Екі көз, екі Күн секілді рулы таңба Хабаров өлкесімен Манчжуриядан табылған. Бұл таңбалы тастың жасын сұрасаңыз, 12 мың жылға озып тұр. Инь кезеңінің тарихына шақсақ бұл жерлерді Бай-Егу(н) тайпалары мекендеген. Қытай тілінен аударғанда Ұлық Аргун болып шығады. Айтылған сөздің ақиқаттығына сендіру үшін мұның артында Шәкәрім Құдайбердиевтің тұрғанын айтсақ артық болмас.
Байырқу еліне – «этнический вулкан» деген ат телінді. Осы елден шыққан халықтар Еуропаға лап қойды. Олардың негізін көк түріктер құрады.
Санскрит деректерімен жақсы таныс Дж.Неру осы тұрғыда Еуропа ұзақ уақыт Азияның боданына айналды, еуропалық көптеген халықтар өз бастауларын осы азиялық басқыншылардан алады деп жазды.
Ару ғұндар Еуропада мәдениетті құру үрдісіне кәрі құрлықтың байырғы халықтарымен бірдей үлес қосты десек қателеспейміз. Болғар ғалымы Стоян Петров ғұндардың Азия ғана емес Еуропаның музыкалық мәдениетіне зор ықпалы болғанын баяндайды. Түрік музыкасын Гайдн, Глюк, Моцарт, Доницетти сынды Еуропа композиторлары өз шығармаларына арқау еткен.
Демек, Батыс Еуропа мәдениетінің қалыптасуы, екі қарама-қайшы өркениеттердің беттесуі, екі ойкуменнің тоғысында мүмкін болды деген тұжырымға біз де тоқтағанымыз жөн.
Музыканың бізде туғанында ешкімнің дауы жоқ. Аспапты музыкада 1,5 мың жыл аясында 5 мың күй, 10 мың ән тудырғанымыздың өзі қандай мақтаныш! Он ғасыр бұрын жазылған Әл-Фарабидің трактатында (мұндай трактат оған дейін де, одан кейін де жазылған емес) Еуропа елдерінің бірде-бір музыкалық аспабы аталмайды. Ол шығармада аталған аспаптар мыналар: лютня, танбур, цитра, рабаб, үрмелі оркестр, корасандықтар мен парсылардың «тарайықы» мен «равашины».
Біз сөз етіп отырған еңбекте философия туралы да біраз ой өрілген. Бұл салада да ата-бабаларымыздың олжалы болғанын аңғарамыз. Наукой давно замечено, что одаренность передается по наследству и является частью генетического шаблона. Одаренные умы рождаются не на пустыре и не появляются вдруг как божественное явление из космоса. Они рождаются, зреют, становятся, в той же среде, как сгусток мысли, вобравший в себя силу энергии, растянутой во времени. Именно такая среда повышала интеллектуальный потенциал, давала мыслительную энергию, питала умы выдающихся скифских философов, таких как Анаксагор, Анахарсис, Анаксимен, (Арһим)ед и таких государственных мужей, как Кірез, Аргон...», деп жазады Шах-Мұрат аға.
Бұл еңбектің құндылығы сонда, жолбарыстың өрісінде жортқан көкжал бөрі жұрт екенімізді, көшпелілік адамзаттың даму сатысына жатпайды, ол үрдіс о бастан тығырыққа тірелер тұйық жол болатын деген пікірлердің жаңсақтығына көз жеткіземіз. Шын мәнінде де біздің номадтық өркениетімізде мәңгі жасампаз идеялар бар ма? Олар біздің қазіргі өмір сүріп жатқан және болашақ өркениетте өз өрісін таба ма? Автор өткен күндер жайлы тың деректерді сөйлете отырып, осы сияқты сауалдарға да жауап іздейді.
Ғалымның көп жылғы ізденісінің жемісі өткен күндер жайлы ғана сыр шертіп қоймайды. Ойлы оқырманын бүгінгі мен болашақты да зерделеуге жетелейді. Егеменді ел болдық. Тұңғыш Президентіміз небір жасампаз істерге ұйытқы болып, Қазақстанды әлемдегі дамыған 30 елдің шоғырына қоспақ. Оған біздің мүмкіндігіміз мол. Алдыңғы толқыннан аса туған ұрпақ сайын далада орнаған мемлекетіміздің «таңы шалқайып атқанын» көрер күннің алыс еместігі көңілге медет. Сабақтастық үзілмейді. Дешті Қыпшақ даласы қай кезде де ұлы өзгерістердің, өркениеттің мекені болып қала береді.
Тасанби ТОҚБЕРГЕНОВ.