• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Тамыз, 2020

Алаяқ бас бостандығынан айырылды

287 рет
көрсетілді

Қызылорда қаласының тұрғыны 2019-2020 жылдары "көпқабатты үйлерден пәтер алып беремін, пайызсыз несие алуға көмектесем, жұмысқа орналастыра аламын", деген түрлі желеумен жұрттың сеніміне кіріп, жалпы сомасы 2 200 000 теңге көлемінде ақша алған.  Алаяқтың арбауына облыстың 3 тұрғыны түсіп үлгерген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұрғындар арызы негізінде Қызылорда облыстық Полиция департаменті қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде облыс орталығының 47 жастағы тұрғыны  ұсталды. Тергеу барысында күдікті әйел кінәсін толығымен мойындады. 

Оның іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен сараланып, қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.

Қалалық сот үкімі негізінде айыпталушыға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жұртқа келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуге міндеттелді.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.