• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Спорт 23 Тамыз, 2020

Отандасын нокаутқа жіберді

333 рет
көрсетілді

Әуесқой бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой бокста алғашқы жекпе-жегін өткізді.

МТК Қазақстан компаниясы өткізген бокс кешінде Қ.Қоңқабаев тағы бір отандасымыз Иса Ақбербаевты екінші раундта нокаутқа жіберді.

Осымен И.Ақбербаев (22 өткізіп, 20-ында жеңіске жеткен) екінші мәрте жеңіліс тапты. Ол бұған дейін 2019 жылдың қараша айында Рио Олимпиадасының чемпионы Евгений Тищенкодан (20-1, 15 КО) есесі кеткен еді.