• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Тамыз, 2020

Шығыс Қазақстанның фермерлері сенаторға мал шаруашылығындағы проблемалар туралы айтып берді

349 рет
көрсетілді

Сенат депутаты Дүйсенғазы Мусин Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен шаруа қожалықтарына барды. Өңір басшылығымен, ветеринарлық қызмет мамандарымен және кәсіпкерлермен кездесуде сенатор асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту проблемалары мен перспективаларына назар аударды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Депутат алдағы сессияда Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарайтынын айтты. Сондай-ақ, кездесуде өңірдің экспорттық әлеуеті, асыл тұқымды мал өсіру мен селекция жүргізуге субсидиялар беру мәселелері және асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары талқыланды.

Депутат Дүйсенғазы Мусин Ұлан ауданындағы 3500-ден астам ірі қара мен 1500-ге жуық марал өсіретін ірі шаруашылықтардың бірінің жұмысымен танысты. Шаруа қожалығы округ тұрғындарын жоғары сапалы өнімдермен – ет және сүтпен ғана емес, ең бастысы – жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Сенатор «Қазақтың ақбас тұқымының Республикалық палатасы» төрағасымен малшылардың мәртебесін көтеру және олардың әлеуметтік жағдайын, сондай-ақ ветеринария саласындағы мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, депутат өңірде орналасқан басқа да бірқатар шаруашылықтардың егіс алқаптарын аралап көрді.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.