Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі "Шарын" мемлекеттік ұлттық паркі жанында экотуризмді дамыту жөнінде қоғамдық кеңесі құрылады, деп хабарлайды Egemen.kz
Осыған орай барлық ниет білдірушілер, оның ішінде ғалымдар, сала сарапшылары, туристік қоғамдастық өкілдері, қоғам қайраткерлері мен эко-белсенділер қоғамдық кеңестің құрамына ене алатынын Экология министрлігі алдын-ала хабарлайды.
Жаңадан құрылатын кеңес аталған жобаны қоғамдық мониторингілеуге қатысатын болады. Барлық мүдделі тұлғаларға белгіленген формаға сәйкес 2020 жылдың 3 қыркүйегіне дейін электрондық поштаға жеке басы туралы мәліметтерді жолдаулары тиіс.
Айта кетейік, 2020 жылдың 21 тамызында «Шарын» ұлттық паркі қарамағында экотуризмді дамыту тұжырымдамасы таныстырылды. Ниет білдіруші азаматтар тұжырымдаманың толық нұсқасымен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, ҚР ЭГТРМ Орман және жануарлар әлемі комитетінің және "Шарын" ұлттық паркінің сайттарында таныса алады.
Аталған тұжырымдама туралы ұсыныстар мен ескертулер e.muratov@ecogeo.gov.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.