• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Тамыз, 2020

Отандық телеарналарда бірқатар өзгеріс болады - Аида Балаева

2354 рет
көрсетілді

Отандық телеарналардағы шетелдік сериалдар мен ойын-сауық бағдарламалар 30 пайызға қысқарады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ҚР Президенті Телерадиокешенінің YouTube арнасындағы "Балаеваға 3 сұрақ" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Телеарналарда жаңа маусымда бірқатар өзгеріс болады. Мысалы, шетелдік сериалдар мен ойын-сауық бағдарламалары 30 пайызға қысқарады. Мұны көрермендер байқайды деген ойдамын. Бұл сериалдар мүлде болмайды деген сөз емес. Яғни, бұл бағытты қолдайтын аудиторияның да мүддесі ескеріледі. Дегенмен негізгі бағыт аналитикалық және ағартушылық контентке басымдық беріледі", - дей келе министр "Еларна" телеарнасы мәдениет және білім саласында ақпарат тарататынын айтты.

Сонымен қатар ол Kazakh TV арнасының аты өзгертілуі мүмкін екенін сөз етті.

"Тағы бір жаңалық, "Әл Фараби" арнасы іске қосылмайды. Қазіргі экономикалық жағдайға байланысты қолда бар ресурсты барынша қолдану керек деген шешім қабылданды", - деді А.Балаева.