• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
26 Қазан, 2013

Халықаралық көрме аясындағы әңгіме

414 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ғимаратында осы министрлік басшысының бірінші орынбасары – ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаевтың Германия Федеративтік Республикасы Бундестагының депутаты Юрген Климкемен кездесуі болды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

 

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ғимаратында осы министрлік басшысының бірінші орынбасары – ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаевтың Германия Федеративтік Республикасы Бундестагының депутаты Юрген Климкемен кездесуі болды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Сұхбаттастар Қазақстан мен Гер­мания арасындағы сауда-эконо­ми­калық және саяси ынты­мақ­тастық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, баламалы және қайталама энергетика саласындағы техноло­­гиялар мен инновациялар бойынша өзара іс-қимыл, неміс компанияларының ЭКСПО-2017-ге қатысуы мәселелерін сөз етті.

Р.Жошыбаев көрменің Қазақстан үшін маңызын, оның ел экономикасын әртараптандырудағы рөлін атап өтті. ЭКСПО-2017-нің комиссары, сондай-ақ, Германия кәсіпорындары «жасыл» энергетиканы қоса алғанда, алдыңғы қатарлы технологиялар саласында әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылатынын атап көрсетті.

Ю.Климке өз кезегінде Қазақстан мен Германия арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың тығыз байланысы мен жоғары мәртебесін атап өтті. Бундестаг депутаты ЭКСПО-2017-ге дайындық барысын жоғары бағалай келіп, көрмені неміс қоғамын­да сапалық тұрғыдан дұрыс көрсе­ту бойынша бірқатар ұсыныстарын айтты және ЭКСПО-2017 жұмысына жоға­ры белсенділікпен қатысуға қызығушы­лық танытты.

 

Фотодерек

Лондон. 1851 жыл.

Техникалық және технологиялық жетістіктерді әйгілейтін халықаралық Экспо көрмесі ең алғаш рет 1851 жылы 1 мамыр мен 15 қазан аралығында Лондондағы Гайд-паркте Джозеф Пакстонның Хрусталь сарайында Альберт ханзаданың бастамасымен өткізілген еді. Алғаш өткен әлемдік бұл көрмеде өндірістік тауарлар мен қолөнер шеберлерінің бұйымдары,

алуан түрлі мәшинелер, өндірістік әдістемелер, сондай-ақ, пайдалы қазбалар мен бейнелеу өнерінің туындылары қойылды.

 

Париж. 1855 жыл.

Араға төрт жыл салып екінші рет ұйымдастырылған халықаралық көрме 1855 жылғы 15 мамыр мен 15 қараша аралығында Францияда Наполен ханзаданың қамқоршылығымен өткізілді. Бұл жолғы көрмені де әлемдік еңбек өнеркәсібінің, ауыл шаруашылығы мен әсем өнердің жаһандық жаймасы деп атауға толық негіз бар еді. Жалпы аумағы 16 гектар жерді алып жатқан алып көрмеге 34 ел өз павильонын әкеліп қойды. Сол жолғы көрмені 5 миллионнан астам адам тамашалаған еді.

Соңғы жаңалықтар