• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Тамыз, 2020

Қызылорда облысында жыл соңына дейін 3 өндіріс орны іске қосылады

538 рет
көрсетілді

Сыр елінде жыл аяғына дейін тағы 3 өндіріс орны ашылып, 370-ке жуық маман жұмыс орнын табады. Индустрияландыру жобасы аясында іске асатын өндіріс ошақтарының 2-уі ауданда, 1-і Қызылорда қаласында жұмысын бастайды, - деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жылдың аяғында қуаттылығы жылына 4 мың тонна балық өндейтін жаңа цех іске қосылады. Арал ауданында орналасатын өндіріс орны "Балықты тереңінен қайта өңдеу зауыты мен пластикалық қайық жасау цехі" деп аталады. Жобаның жалпы құны 160 млн теңгені құрайды. Цех толыққанды іске қосылса, 100-ге жуық маман тартылып, балық өндеу ісі жанданады.

Тағы бір жоба – Қармақшы ауданында қосылатын құс фабрикасы. Жылына 1500 тонна құс етін өндіретін фабриканың жоба құны 1,9 млрд теңге деп белгіленген. Ет өнімінің үлесін көбейту ісімен 50-ге жуық маман айналыспақ.

Енді жаңа 2021 жылдан бастап қызылордалықтар табақша шыны шығаратын зауыт жұмысымен таныса алады. Жылына 197,1 мың тонна табақша шыны өндіретін зауытта 200-ден астам маман тұрақты жұмыс көзін табады.

Өңірде мұнай өндіру көлемінің төмендеуімен байланысты өнеркәсіп өндіру көлемі төмендегенімен, тамақ өнімдерін өндіру 29,8%-ға, өзге металл емес минералдық өнімдер өндірісі 13,3 пайызға, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату ісі 10,7%-ға артқан.